ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАҒЫ ТӨРТ АДАМ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 25.05.2020
Оқылды: 786
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгін, яғни, 25 мамыр, сағат 12:36-дағы жағдай бойынша, Алматы облысында тағы төрт адамнан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырған төрт азамат та Талдықорған қаласының тұрғындары.

1959, 1964, 1983, 1990 жылы туған науқастардың үшеуі бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған. Біреуі профилактикалық тексерілу барысында анықталды.

Барлық науқастар бұрын оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексерулер жүргізілді. Сөйтіп, Алматы облысында инфекция жұқтырған барлығы 288 адам тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды