"БАҚЫЛАУДА ҰСТАДЫҚ": ТОҚСАНҒА ТАЯҒАН ӘЖЕ КОРОНАВИРУСТАН ҚҰЛАН-ТАЗА АЙЫҚТЫ

Уақыты: 30.05.2020
Оқылды: 1011
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирустан 89 жастағы қария жазылып шықты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1931 жылы дүниеге келген Кеген ауданының тұрғыны Күмісхан Оразақынова Шелек ауылындағы ауруханада 4 мамырдан бастап ем қабылдаған. Аталған аурухананың бас дәрігері Гүлнар Кураметованың айтуынша, пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта болған.

- Ауруханаға түскен кезде пациенттің жас ерекшелігін ескере отырып, жан сақтау бөліміне орналастырдық. Өйткені, қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін. Сондықтан, қатаң бақылауда ұстадық. Бүгін пациент коронавирус инфекциясынан толық айығып шықты, - дейді бас дәрігер.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Шелек ауылы

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы