АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР КҮННІҢ ІШІНДЕ 7 АДАМ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 30.05.2020
Оқылды: 953
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында бір күннің ішінде 7 адам қауіпті індетке шалдықты. Атап айтқанда, Қапшағай қаласы, Қарасай, Талғар Іле аудандарынан анықталды.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жеті науқас та белсенді қадағалау кезінде анықталған: 1980, 1986 жылдары туған 2 пациент бұрын сырқаттанғандармен байланыста болған, ал 1970, 1985, 1998 жылы туғандар мен 1988 жылы туған екі азаматтың індет жұқтырғаны профилактикалық тексерілу барысында дәлелденді. Ауырғандардың барлығы оқшауландырылып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылды. Эпидемиологиялық  зерттеу жалғасуда.

29 мамыр, сағат 6:30-дағы жағдай бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 326 дерегі тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"