АМАНДЫҚ БАТАЛОВПЕН БІРГЕ БІР ПАЛАТАДА 11 АДАМ ЕМ АЛЫП ЖАТЫР

Уақыты: 29.06.2020
Оқылды: 1238
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс әкімінен коронавирустың симптомсыз түрі анықталып, оқшауланған еді.

Алайда "Instagram" желісіндегі 85 мыңнан астам оқырманы бар «Талдыкорганец» парақшасында Амандық Баталовтың аурухананың бір бөлімінде жалғыз ем алып жатқаны туралы ақпарат тарады. Онда: «Баталов Талдықорған қаласында орналасқан көпсалалы ауруханада жатыр. Және ол сол блогта жалғыз жатыр. Соның салдарынан қарапайым науқастарды аудандарға жіберуде. Ол жерге тек бас дәрігер ғана кіріп-шыға алады», - делінген.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Амандық Баталов аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел:

- Амандық Баталовтың Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада жатқаны рас. Бірақ ол жалғыз өзі бір бөлімде жатыр деген ақпарат жалған. Ол кісімен бірге бір палатада 11 адам ем алып жатыр. Олардың арасы арнайы жабдықпен бөлінген, - деді "Қазақпаратқа" берген түсініктемесінде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"