КОРОНАВИРУС: АЛЫСТАН АМАНДАСУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Уақыты: 09.07.2020
Оқылды: 1457
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазіргі таңда жан сарайымызды дүр сілкіндірген короновирус індеті өз толқынын тоқтатар емес. Ауру айтып келмейді. Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдан шыққан бұл ауру әлемге аз уақытта тарап, тарихта өз орынын ойсырата тауып алды.

Бір елде коронавирустан халық жаппай қырылып жатса, бір елде дұрыс шешім қабылдап, аурудан аман қалу үміті айдан жарық болып тұрған елдер бар. Соның бірі Жапония. Статистикаға сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Жапонияда 20 174 адам ауруымен ауырса, 17 331-і жазылып шыққан екен. АҚШ-та миллиондап ауырып жатса, Жапония бұл минималдылыққа қалай жетті?

Жалпы, Жапония елінде екі адам бір-бірімен қол ұстап амандасу салттарында болмапты. Сондықтан оларға бірімен-бірі сақтық шараларын ұстап, алыстан амандасудың пайдасы тиіп тұрғаны белгілі. Және де әр кафе, ресторан немесе тағы сол сияқты мекемелерде спиртті сұйықтықтар тұрады. Ал маскасыз жүріп, ұсталған адамдарға көшеде 2500 доллар айыппұл салынады. Айыппұл чегімен бірге, медициналық маска беріледі. Автобус, такси, метро сынды қоғамдық көліктерде қатаң түрде маска мен арақашықтықты сақтау шаралары сақталады. Осылайша Жапонияға әлем бойынша коронавирустан айыққан елдердің қатарында ең бірінші болу мүмкіндігі туып тұр десекте болады.

Ал біздің елде ше?​
Қазақстанда күннен күнге вирус жұқтырғандар саны күрт артуда. Әр күн сайын қаншама жанның қаза болуы жүрегімізге тастай батады. Байқасаңыздар еліміздегі карантин шаралары босағалы, бұл індеттің жағдайы күшеюде. Бұл індеттің қайдан, неден екені бәрімізге беймәлім. Статистикаға сүйенер болсақ, елімізде вирус жұқтырғандар саны 51 100 адамға жетті. Бұның бәрі неден деп ойлайсыздар? Әрине сақтық шараларының дұрыс жүрілмегендігінен. Егер заңға бағынып, сақтық шараларын сақтаған болсаңыз елімізде бұндай көрсеткіш нәтижесі болмас па еді?!
Олай болса бұл ауруға қарсы сақтық шараларын барынша ұстанып,мүмкін дерлік ауруға қарсы емдерді үй жағдайында болсын емделіп,барынша үйде отыруға тырысайық. Болашағымыз өзіміздің қолымызда!

​ ​ ​Ақмейір ​Солтаншарипова
Сурет ғаламтордан алынды