ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН БОЛАДЫ: ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Уақыты: 14.07.2020
Оқылды: 1923
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылында заманға лайық, бар жағдайы жасалған, жылы да жайлы дәрігерлік амбулатория ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 

Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов қатысып, ақ халатты абзал жандарға, ауыл тұрғындарына жүрегінен шыққан жылы сөздерін жеткізді. 
Ауданда өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудың кешенді жоспарлары жасалған. Соған сәйкес алдағы уақытта Қақпақ ауылынан салынған дәрігерлік амбулатория да пайдалануға беріледі. Оның сыртында алдағы жылдары аудан аумағындағы Талас ауылынан фельдшерлік пункт, Жаңа Текес ауылынан медициналық пункт салынып, халыққа қызмет ететін болады.

Данияр АРГИМБАЕВ