ШАҚЫРТУ ЕКІ ЕСЕ ӨСКЕН: ҚОСЫМША ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ АЛЫНАДЫ

Уақыты: 11.07.2020
Оқылды: 1959
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Биылғы жылдың 6 айында олар 300 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсеткен. 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шақырулар саны 2 есеге өскен.
.
Жалпы облыс бойынша жедел медициналық көмек бригадасы күніне 3 мыңға дейін шақыртуға барады. Қазір жедел жәрдем қызметкерлерінің жүктемесі ауыр болып отыр, сондықтан Алматы облысысың әкімі Амандық Баталов бригада санын арттыру туралы шешім қабылдады.
.
Мысалы, жыл соңына дейін қосымша 100 жедел жәрдем көлігін жеткізу күтілуде. Оның 70-і лизингімен, 30-ы жергілікті бюджеттен сатып алынуда. Аталған көліктер келесі айдан бастап жеткізіле бастайды.
.
Сол сияқты медициналық жедел жәрдем көліктерін жабдықтау үшін республикалық бюджет есебінен өкпені жасанды желдету портативті аппаратының 57 бірлігі жеткізілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"