«АЛМАТЫДА ЖОҚ ДӘРІЛЕР БІЗДІҢ АУЫЛДА БАР»: АҚТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ДӘРІ САТЫП АЛДЫ

Уақыты: 14.07.2020
Оқылды: 5347
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жамбыл ауданында орналасқан Ақтерек ауылының жеке қайырымдылық чаты бар. Оған көбіне жастар мүше. Әркім пітірі мен садақасын үнемі сол чаттың админіне салады.

Ол ақшадан ауыл имамының жалақысын шығарады, артылғанына кем-кетікке көмектесіп, қант-шәйін, отын-суын алып береді. Өткенде Мақтааралды су басқанда 1 000 000 теңгеге қажет затты жөнелтті. Мына пандемия кезінде елдің жігіттері тағы ұйымдасты. 200 000 теңгенің дәрі-дәрмегін алып, ауыл емханасына апара жатыр осы қазір. Алматыда жоқ дәрілер енді біздің ауылда болады. Құдай керек қылмасын, бірақ ауыра қалғандарға тегін беріледі. Осылайша әр ауыл, әр ұжым өз ортасын қорғамаса, өкіметіңнің қозғалар түрі жоқ.

Есболат Айдабосын,
Жазушы