ҚАЗАҚСТАНДА ТӘУЛІК ІШІНДЕ 17 АДАМ ПНЕВМОНИЯДАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 06.08.2020
Оқылды: 1188
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда коронавирус бойынша расталған жағдай 95 мың 942 адамға жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан (12344), Алматы (12820), Шымкент қалалары (5044) көш бастап тұр. Ал Алматы облысында ковидке шалдыққандар 4577 адамды құрады. Бұл туралы коронавирус мәліметтерін көрсететін ресми сайтта жарияланды.

Қуантарлығы, қауіпті індеттен жазылып шыққандар 70 мыңға жуықтады. Өкініштісі, COVID-19 белгілеріне ұқсас пневмония індеті бойынша көрсеткіш мәз емес. Өкпе қабынуының 6 маусым, сағат 15:55-тегі көрсеткіші бойынша 9584 жағдай тіркелді. Жалпы, Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандар 102 адамға жетті.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды