КЕШЕДЕН БЕРІ ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Уақыты: 30.08.2020
Оқылды: 1045
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелмеді. Бұл туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Алматы облысында 36 адам инфекциялық бөлімде емделіп жатыр. Өткен аптада ауру деңгейі төмендеп, 9 провизорлық орталық жабылған болатын. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков:

- Өткен тәулікте аймақта короновирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Инфекциялық бөлімде 36 адам жатыр. 183 адам үй жағдайындағы карантинде. Бәрі дәрігер бақылауында, - деді басқарма басшысы.

Жалпы, аймақта ауырғандар саны 4891 адамға жеткен, оның 4454-і толықтай жазылып шықты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"