ҚАЗАҚСТАНДА ӨКПЕ ҚАБЫНУЫНАН КӨЗ ЖҰМҒАНДАР САНЫ 300-ДЕН АСТЫ

Уақыты: 03.09.2020
Оқылды: 1000
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда коронавирус бойынша расталған жағдай 106 032-ге жетті. Оның 98 мыңға жуығы жазылып шықты. Бұл туралы коронавирус туралы ресми сайт бетінде жарияланды.

Ал ковидке ұқсас өкпе қабынуы дертіне шалдыққандар - 26 мың 322 адам. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 3 қыркүйек, сағат 10:30-дағы жағдай бойынша - 1588. Коронавирусқа ұқсас пневмониядан көз жұмғандар 300-ден асты.

Оның ішінде Алматы облысында 4898 адам ковид белгісімен тіркелген. Алматы облысында қауіпті індетті жұқтырғандардың 4604-і емделген. Өкінішке қарай, вирусқа шалдыққан 49 облыс тұрғыны көз жұмды. Қуаныштысы, ковидке ұқсас өкпе қабынуынан ел бойынша 5 773 адам жазылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды