ҚАЗАҚСТАНДА КОВИДПЕН АУЫРЫП ЖАТҚАН 203 АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ НАШАР

Уақыты: 15.11.2020
Оқылды: 2491
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстан бойынша 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде, 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрліктің хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан