АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕ 20 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 24.11.2020
Оқылды: 1287
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында Алматы облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев болып, аймақтағы шектеу шараларына байланысты кейінгі шыққан қаулыны түсіндірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Баяндама барысында Асхат Сәкенұлы: "22 қарашадан бастап №18 қаулы күшіне енді. Онда ойынханалар мен ұтыс ұйымдастырып, соны көздейтін мекемелердің жұмысы толығымен тоқтатылғаны жазылған. Ал қоғамдық көліктердің уақыты 23:00-ге дейін ұзартылады. Тамақтану орындары таңғы 07:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Монша қыметі 08:00-ден 22:00-ге дейін өзгертілді. Сенбі-жексенбі күндері карантиндік режим сақталады, ол күндері аталған мекемелер жұмыс істемейді. Қалған сақтық шаралары өз күшінде", - деді.

Статистика бойынша кейінгі тәуілікте коронавирус жұқпасы бойынша облыста 20 жағдай тіркелген (11-і симптомды, 9-ы симптомсыз). Олардың бүгінгі жағдайы жақсы. Ал қарым-қатынаста болған 57 адам тексерістен өтіп, олардың бойынан ауру белгілер байқалмаған.

Серік ҚАНТАЙ

Алматы облысы