ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС: КҮЙІК ШАЛҒАН 4 АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ АУЫР

Уақыты: 27.11.2020
Оқылды: 1841
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 4 адамға санавиация арқылы Алматыдан арнайы дәрігер шақыртылды. Олардың жағдайы өте ауыр. Бұл жайында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында жатқан 4 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлермен 4 консилиум өткізілді. Республикалық санавиация арқылы Алматыдан жетекші травматолог-комбустиолог келді. Барлық медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық техникамен қамтамасыз етілген», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Ресми өкілдің мәліметінше, жағдай Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жеке бақылауына алынған. Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жер үйлердің бірінде газ баллонЫ жарылып, 8 адам зардап шеккен еді. Төтенше жағдайлар қызметінің болжамы бойынша, баллон пештің жанында тұрған. Жарылысқа осы жағдай себеп болуы мүмкін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"