КОРОНАВИРУС: ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНА ДА САНИТАРЛЫҚ ПОСТ ОРНАТЫЛДЫ

Уақыты: 30.11.2020
Оқылды: 958
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының Текелі қаласына 30 қараша, бүгіннен бастап санитарлық бекет қойылады. Бұл туралы Текелі қаласының Бас санитария дәрігерінің кейінгі шыққан №249 қаулысында көрсетілген.

Санитарлық бекетте полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қалаға кіріп-шыққандардың дене қызуын өлшеп, сауалнама алады. Текелі қаласында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелген. Қыркүйек айынан бастап бұл көрсеткіш 23 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылына блокпост қойылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде Шонжы ауылының 21 тұрғынынан вирус анықталды. Олармен қарым-қатынаста болғандар үйінде карантинінде отыр.

"ҚАЗАҚПАРАТ"