ҚАЗАҚСТАНДА КОВИДКЕ ШАЛДЫҚҚАН 49 АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ АУЫР

Уақыты: 09.01.2021
Оқылды: 807
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

"Қазақпарат" 9 қаңтардағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда бір тәулікте пневмониядан 3 науқас қайтыс болған. Сондай-ақ, коронавирустан жазылғандар саны 148 мыңнан асқан.

Өткен тәулікте ел бойынша 843 адам коронавирус жұқтырған. Бүгінде 22 830 адам короновирус инфекциясы бойынша емделіп жатыр. Оның ішінде, 5 383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 283 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"