КОВИД БЕЛГІЛЕРІ БАЙҚАЛСА, ҮЙДЕ ЕМ ҚАБЫЛДАУМЕН АЙНАЛЫСПАҢЫЗ!

Уақыты: 22.01.2021
Оқылды: 848
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты сізден өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына мұқият қарауды сұраймыз.

Белгілері пайда болған кезде: дене температурасының жоғарылауы, жөтел, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас ауруы, тамақтың ауыруы, мұрыннан су ағуы, ентігу, жүрек айну, құсу, диарея, иіс пен дәм сезуінің жоғалуы кезінде медициналық мекемелердің сүзгісіне келесі мекен-жайлар бойынша хабарласуыңызды немесе байланыс телефондары арқылы дәрігерді үйге шақыруыңызды сұраймыз.

Жоғары температура, ентігу, ауыр халде жедел медициналық көмекке жүгініңіз.

Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз!

Қол гигиенасын сақтаңыз, шұғыл қажеттіліксіз қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын орындарға, ойын-сауық орталықтарына, кафелерге, мейрамханаларға бармаңыз.

Адамдар көп жиналатын жерлерде кемінде 2 метр қашықтықты сақтаңыз, бетперде киіңіз, үйдің гигиенасын сақтаңыз, бөлмелерді желдетіңіз.

Барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, сау болуыңызды тілейміз!

Өзіңізді жайсыз сезініп, ауырған жағдайда "Жедел жәрдем" шақырыңыз немесе мына байланыс нөмерлеріне хабарласыңыз:

- №1 Талдықорған қалалық емханасы, Гаухар ана көшесі, 87, тел: 24-34-98, 24-39-70;

- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, Б.Әшімов көшесі, 14, тел: 41-27-48, 41-27-47;

- Балалар емханасы, Н.Назарбаев даңғылы, 57, тел: 24-27-31, 24-62-01;

- Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің бөлімшесі, 4 ш/а, 35 А үй, тел: 25-22-49, 25-17-52;

- № 2 Талдықорған қалалық емханасы, Гаухар Ана к-сі, 87 «В», тел: 24-77-82, 24-08-03;

- "Нұр-Авиценум" медициналық орталығы, Ескелді би көшесі, 224, тел: 23-32-31;

- "ХАК" медициналық орталығы, Н.Назарбаев даңғылы, 127, тел: 39-01-78.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан