ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНІҢ ИМАМДАРЫ ДЗЮДОДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Уақыты: 27.10.2021
Оқылды: 1049

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Талдықорған өңірінің имамдары Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай дзюдо күресінен жарыс ұйымдастырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс көлеміндегі турнир 2008-2009, 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.

Өңірдің найб имамы Керімбек Дәуітов алғашқы болып сөз алып, насихат айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, спорт саласының бірқатар майталмандары балуандарға ақ жол тілеп, баталарын берді.

Әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түскен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен мараптталды. Дін мен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында арқан тартысынан, қол күресінен де жарыс ұйымдастырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"