Ыстыбаев сөзінде тұрды

Уақыты: 05.07.2016
Оқылды: 1542

Күллі әлемнің спорт жанкүйерлері Францияда өтіп жатқан футбол жарысына көз тіккенде, Алаш жұрты Сарыарқа төріндегі Ұлы Дала ұландарының додасына назар аударды. Қазақ елінің асыға күтетін басты бәсекесіне айналған «Қазақстан Барысы» осымен алтыншы рет жалауын желбіретіп тұр.

Сайын дала саңлақтарын боз кілемде бі­рік­стірген жарыстың мәртебесі жыл санап артып, жүлдесі де қомақтыланып келеді. Оған қызығушы балуандар да көбейіп, жеңіске жеткен мықтылар ел мақ­та­ны­шы­на айналуда.

Сонымен Арман Шо­раев­тың бастамасымен қол­­ға алынған бұл доданың қызығы мен шыжығы көп болды. Әр өңірден ірік­те­ліп өткен 33 балуанның бар­лығы да «сен тұр мен атайын» деген жігіттер. Тәуелсіздіктің 25 жыл­ды­ғына және Ұлт көш­бас­шысы Нұрсұлтан Назар­баевтың жүлдесіне ар­нал­ған республикалық тур­нир­дің ақтық сынында он бір жаңа балуанның белдесуі мық­тылардың ізін басқан жастардың топ жарып келе жатқандығын байқатады. Жарыс  басталысымен әр өңірдің іріктеу сынынан іркілмей өткен балуандар жеребе тартып, өз қар­сы­ластарын анықтады. Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Қанат Бозымбаев, Қазақ күресі дамыту қорының дирек­торы Арман Шораев және ардагер балуан Марат Жа­қыт доданың шымыл­ғы­нын түрді. Ортада сап тү­зе­ген балуандардың алдында сөз алған тұлғалар «ба­рыс­тарға» сәттілік тілесе, Ма­рат ағамыз ақ батасын бе­ріп, дүбірдің дабылы қа­ғыл­ды. Бабы мен бағы ке­ліс­кен балуандар ортаға шығып нағыз қазақ күре­сінің қандай болатынын көрсеткендей. Жан­кү­йер­лердің делебесі қозып, қи­қуға басты. Атағынан ат үр­кетін сақа жігіттерден тайсалмай шыққан жас­тарымыздың өнері көп­ші­лікті таң-тамаша етті. Әсі­ресе Жамбылдан келген Ай­бол Айбектің өнері жұрт­­тың көкейінен шық­қандай. Боз кілемде ширақ қимылдап, қарсыласын та­за жеңіспен жеңіп отырды. Осы жерде айта кететін бір жайт, Жамбыл облысының үш бірдей балуаны да жар­ты­лай финалға жолдама ал­ды. Кездесудің бірінші бел­десуінен бастап көрер­мен назарын өзіне аударған тараздық Дәулетхан Жа­қыпты айтпай кетуге бол­май­ды. Көрермен көңілінде өткен жылы да жақсы әсер қалдырған Дәулетхан биыл да  ширақтық танытты.

Алғашқыларын атой­лап жүріп ұтқан ол жар­тылай финалға келгенде жерлесі Бейбіт Ысты­баев­қа қарсы тұрды. Салмағы мен ше­берлігі басым Бей­біттің өзін біраз тұқыртып жіберді. Ал­ғашқы қар­сы­лас­тарын оңай ұтқан екі дүр­кін «Қазақстан Бары­сы» Бейбіт Дәу­лет­хан­ға келгенде кібіртіктеп қал­ды. Тіпті күші де жетпей қа­ла ма деген сауал жан­кү­йер­ді ма­залады. Соңында жал­ғыз бүк ұпайын еншілеп, фи­нал­ға Бейбіт жолдама ал­ды.

Жетісу жерінің намы­сын қорғаған тұңғыш «Қа­зақ­стан Барысы» Ұлан Рыс­­­құл мен Александр Ка­сачев та жаман күресті деп айтуға келмейді. Ұлан ал­ғаш­­қы белдесуінде 2013 жылы ба­рыс атағын ұтып алған шы­ғыс­тық Айбек Нұ­ғы­ма­ров­ты жолынан тай­дырды. Ал Саша болса әс­кер барысы Талғат Әмі­ре­новтің, маң­ғыс­таулық Ербол Игіліктің мы­сын басты. Дәл осы жер­де айта кетейік, жер­лес­те­ріміз белдесулерін ерте аяқ­тап отырды. Тіпті Алек­сандр бір белдесуін төрт се­кундта аяқтады. Ас­қан ше­бер­лік көрсетіп, жа­са­ған әдіс­тері өте сауатты, таза істе­ліп, көрермендердің айы­­зын қандырды. Өкі­ніш­ке қарай, ширек финалда тур­нирдің ең ауыр салмақты балуаны 167 келілік Жұ­маназар Ер­сұлтановпен жо­лы түйісті. Бұған дейін қола белбеуді еншісіне басқан шым­кент­тік Жұманазар бұл жолы бас бәйге үшін кел­гендігін бірінші бел­де­суін­де-ақ байқатты. Шыққан бетте қарсыластарын ой­сырата ұтты. Алып дене­сімен көпшілікті бір таң­ғал­дырса, іштен іліп-шалу әді­сімен тағы бір таңдай қақ­тырды. Ұстаған жерден іліп алып, қарсыластарын қас қа­ғым сәтте боз кілемге жан­шыды. Жеңіске жеткен сәтте қар­сыласының терісін қо­лына алып, басынан ай­налдырып, көрермендердің делебесін қоздырды. Осы арқылы өзі­не күш жинаған Жұманазар балуандардың бірінен соң бірін топырлата жеңді. Со­ған орай осы тур­нирдің «бас­ты қаһарманы» деп Жұ­ма­назарды айтуға болады. Ақтық сынға дейін бір қи­налмаған шымкенттік бал­уан жолындағы кедер­гілерді маса шаққан құрлы көрмеді. Сол мықты жігіт жер­лесіміз Александр Каса­чевті де жа­рыс жолынан шығарып тас­тады. Шыққан бетте то­бықтан қағып жауы­рынын жер иіскетті. «Әт­теген-ай!» деп біз қалдық. Үміт артқан бір бал­уа­ны­мыз осылайша боз кілемнің сыртында қал­ды. Осы жерде айта кетейік, алдында до­пинг дауына ілік­кен төрт бал­уа­ны­мыз­дың тағдыры жарыс бас­талар алдында ғана ше­шілген болатын. До­пингке қарсы тексеру ұйы­мы бұл жігіттерге рұқсат беріп, оң шешім шығарған еді. Оның ішінде танымал Айбек Нұғымаров пен Алек­­сандр Касачев та бар. «Сырт көз сыншы» де­ген­дей, бал­уан­дардың жеңіске жете ал­мауына осы мәселе пси­хологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізді ме деген сауалдар да болды. Қалай дегенмен де жігіттер жат­тығуларын жалғастырып, нағыз қазақ күресін көр­сетті. Тек жолдары мық­тылармен түйісіп, сол ке­дергіден аттап өте алмады. 

Ендігі үміт Ұланда еді. Өкінішке қарай Ұланның жолы Бейбітке түсті. Қос алып белдесудің негізгі уа­қытын тең аяқтап, қоян-қолтық белдесуге дейін жет­ті. Қолда тұрған мүмкіндікті Ұлан жібермейді деп сен­генбіз. Ол ойымыз жүзеге аспады. Белден қапсыра құ­шақ­тасқан екі мықты бір-бірін кілемнің сыртына ите­ріп, шығарып тастауға ұм­тылды. Әттеген-ай, сәл шы­дағанда жеңісті жұлып алар едік. Сенім артқан Ұлан­ның қолының бел­дік­тен ажырап кеткені. Сан со­ғып біз қал­дық, өз ісіне өкін­ген Ұлан боз кілемнен түсіп кетті.

Мықтылар іріктеліп, жүл­дені сарапқа салатын кез де жетті. Ақтық сында шымкенттік Жұманазар Ер­сұлтанов пен тараздық Бей­біт Ыстыбаев жо­лық­ты. Қос алыптың бәсекесі ұзақ­­қа созылмады. Екеуі де тың. Алдыңғы қарсы­лас­та­рына көп күш жұмсамаған Жұ­маназар бұл жолы Бей­бітті тайтұяқтан қағады деп ой­ла­дық. Үш дүркін «Қа­зақ­стан Барысы» ата­нам деп ел алдында уәде берген тараз­дық жігіт те қапы қалмады. Төрешінің белгісі берілген бетте жұл­қы­ласа кетті. Бір-бірін ыр­ғап, орындарынан қозғай алмады. Артынша Жұма­на­зардың оң қолын байлап алып, оң аяғымен сырттан орап шалған Бей­біт Жұ­ма­назардың жауы­рынын жер иіскетті. Осы­лайша таза жеңіске қол жет­кізген та­раз­дық Бейбіт Ыстыбаев сөзінде тұрып, үш дүркін «Қазақстан Ба­рысы» деген атаққа қол жеткізді. Ал қола жүлдеге  тағы да та­раздық балуандар таласты. Додаға биыл қо­сылған Ай­бол Айбек пен Дәулетхан Жақып белдесті. Салмағы мен бойы сәйкес екі балуан жан алып, жан бе­рісті. Ақы­рында жерлесін атып ұрған Айбол қола бел­беуге қол жеткізді.

Алматы облысының бал­уаны Александр Ко­сачев үздіктер қатарынан көрініп, автокөлік иегері атанды. Алматы қала­сы­ның балуаны Виктор Ди­мя­ненко көрермен көз­айы­мы болып, 1 млн. теңгенің сер­тификатын алды.

Сарыарқаны дүбірге бөлеген доданың жеңімпаздары марапатталды. Үш дүркін «Қазақстан Бары­сы» атанған Бейбіт Ысты­баев­қа 25 млн. теңгенің сер­тификаты мен Астана қа­ласынан пәтер кілті та­быс­талды. Сонымен қа­тар алтын белбеу және алтын тай­тұяқ қоса бе­рілді. Екінші орынға қол жеткізген Жұма­назар Ерсұлтановқа күміс белбеу мен 5 500 000 тең­генің сертификаты берілсе, үшінші орынға кө­терілген Айбол Айбекке қола белбеу және 1 800 000 теңгенің сер­тификаты табысталды. Олардың бапкерлері де ақ­ша­лай сыйлықпен марапатталды.

Ришад Тұрғанбаев

Астана қаласы.