ҮШТӨБЕДЕ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Уақыты: 02.03.2022
Оқылды: 1848

Үштөбеде "Ы.Алтынсарин" атындағы төсбелгісінің иегері, Бастөбе ауылдық округі мәслихатының депутаты, М.Горький орта мектебінің директоры болған Нұржамал Дүйсеналиеваны еске алуға арналған мұғалімдер арасында турнир өтті.

М.Горький атындағы орта мектеп ұстаздарының мұрындық болуымен өткен дода тартысқа толы болды. Алғашқы кезеңнен-ақ ұстаздар бұл сайысқа тыңғылықты дайындықпен келгенін дәлелдеп, әдемі ойын өрнегін көрсетті.

Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынды М.Горький атындағы орта мектебінің командасы жеңіп алса, 2-орында Ж.Жабаев орта мектебінің ұстаздары еншіледі. Ал Ж.Молдағалиев мектебінің командасы үздік үштікті түйіндеді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медаль мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы