ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ФУТЗАЛДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Уақыты: 02.06.2022
Оқылды: 2944

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы Ұлттық студенттер лигасында Алматы облысы атынан шыққан, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің футзал командасы қола жүлдені иеленді.

Ұлттық студенттер лигасы аясында ұлдар арасында футзалдан республикалық жарыс Алматы қаласында ҚазҰУ спорт кешенінде өтті. Додаға әр өңірден 15 жеңімпаз команда қатысты. Студенттік лиганың мықтыларын анықтау барысында колледжіміздің футзал командасы үздіктер қатарынан табылып, ІІІ орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, Ұлттық студенттік лига 25 мамырдан 16 маусым аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған және Орал қаласында өтеді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы