ҚР ҰЛТТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЖОЛДАМАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Уақыты: 17.06.2022
Оқылды: 1222

Индонезияның Джакарта қаласында көгалдағы хоккейден жазғы Азия ойындарына іріктеу жарысы өтіп жатыр. 

Аталған додада Азияның кіл мықтылары жазғы Азия ойындарының жолдамасын сарапқа салуда. Ел намысын қорғап жатқан ҚР ұлттық әйелдер құрамасы қатарынан екі рет жеңіске жетіп, мезгілінен бұрын жолдаманы қанжығасына байлады. Олар шешуші кезеңде жарыс қожайындары Индонезия командасын ұтты. 
Ұлттық құраманың сапында жетісулық аруларда бар. Командадағы 18 ойыншының 15-і – Талдықорған қаласының хоккейшілері. Талдықорғандық жаттықтырушы Нұржан Бейбітовтың шәкірттері бұған дейін де талай бәсекенің жеңімпазы атанған. Енді келер жылы Қытай мемлекетінде өтетін жазғы Азия ойындарында еліміздің намысын қолдан бермейтініне сенім мол.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"