Мерейдің шәкірттері

Уақыты: 12.07.2016
Оқылды: 1703

Есімі елге  кеңінен танымал әлем чемпионы Мерей Сүйінов тәр­биелейтін каратэшілер тағы екі турнирге қатысып, қор­жын­дарын жүлдеге толтырып қайтты. Білікті бапкердің айт­уын­ша осы екі жарыста да біздің талды­қор­ғандық спорт­шы­лардың мысы басым болып, қар­сы­лас­та­рына бет қаратпай той­тарыс беріп, жүлде тұғырына кө­терілген көрінеді.

Мәселен, маусым айының басында Өскемен қаласында шинкиокушинкай  каратэден Шы­ғыс Қазақстан об­лы­сы­ның ашық біріншілігі өткізілді. Бұл беделді турнир осы жек­пе-жек өнерінің әліппесін жаңадан ашып жүрген (10-9 кю) және тәжірибелі (8 кю және одан жоғары) спорт­шылар арасында өрбіді. Тал­дықорған каратэ орта­лы­ғының  түлектері 9 алтын, 2 күміс, 2 қола  медаль ол­жалады. Атап айтсақ, 5 жа­сар ара­сында  Айбар Түрк­пен­бай  (20 кг.), 6-7 жас­т­а­ғылар арасында Бе­гин Ми­хаил (20 кг.),  Владлен Куз­не­цов ( 25 кг. дейін),  Аман­тай Алим (30 кг.), Мадигул Бека­рыс (22 кг.), Тимур Кунчаев (25 кг.), Серікхан Дінмұхамед (25 кг.), 8-9 жастағылар ара­сында  Манас Талай­бек­ұлы (25 кг.), Серікхан Дінмұхамед (30 келіден жоғары) алтыннан алқа тағынса, Нұрахмет Ер­назар  мен  Турлыбек  Әділет  тек ақтық кездесулерінде ғана ұты­лып, күміс жүлдегер атанды. Ал, 8-9 жастағылар арасында 30 кг. салмақта сынға түскен Абен Аб­дикерим  мен Алан Талтусов 30 кг. салмақта жекпе-жекке шы­ғып, қола медальға қол соз­ды. Сүйсінерлігі сол, «Тур­нир­дің ең таңдаулы спорт­шысы» жүлдесі де біздің жер­лес­терімізге бұйыр­ды. Яғни, Се­рікхан Дінмұхамед бұл бірін­шіліктің үздік каратэ­шісі бо­лып танылды. Ол ар­найы жүл­де­мен мара­пат­тал­ды.

ҮШҚОҢЫР ауылында кио­ку­­ши­нкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер мен қыздар ара­сында БАТЫР БАЛА атты АЛ­МА­ТЫ облы­сының біріншілігі өтті! ТАЛ­ДЫҚОРҒАН КАРАТЭ ОРТА­ЛЫ­ҒЫНЫҢ шәкірттері намы­сын жерге түсірмей, олжалы қайтты! Бұл бәсекеде мына­лар жүлделі тұғыр­ға кө­те­ріл­ді: Айбар Түркпенбай 5 жас 18 кг. дейінгі салмақта,  Қа­дыр Еркебұлан 8-9 жас ара­лы­ғын­да  (30 кг. салмақта)  3-орынға ие болды. Давид Чен  5 жас (18 кг. жоғары), Нұрахмет Ерназар 6-7 жас (22 кг.), Болат Ернұр 6-7 жас (25 кг.),  Жарылқасын Бей­барыс 8-9 жас (26 кг.)  күміс жүлдегер атан­ды. Ал, Семен Зинченко 5 жас (18 кг. дейін),  Бегин Михаил 6-7 жас (19 кг.),  Амантай Әлім 6-7 жас (28 кг.) және Амира Нұр­дәу­ле­това  8-9 жас (30 кг.) же­ңім­паз атанды.

Жүлдегерлердің бәрі арнайы дипломдармен, ал жеңімпаздар кубоктармен марапатталды.

Шора БАТЫРБАЕВ