ФЕДЕРАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫНА ЗОР СЕНІМ АРТЫЛДЫ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 03.12.2022
Оқылды: 1263

Талдықорған қаласында республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының жиыны өтті. Басқосуға киокушинкай-кан каратэ жаттықтырушылары және ҚР Киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев қатысып, күн тәртібіндегі мәселені айтты.

Алматы облысының екіге бөлінуіне байланысты Жетісу облысы киокушинкай-кан каратэ федерациясы филиалын құру және басшысын тағайындау. Осыған орай Омархан Нұртайұлы спорттың бұл түрі бойынша істеліп жатқан жұмыстарға тоқталып, филиалға жаңа басшылыққа Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бақытнұр  Бақытұлының  кандидатурасын ұсынды. Федерация мүшелері ұсынысты бірауыздан қолдап, сенім білдірді.

Жиын барысында республикалық федерация басшысы Омархан Өксікбаев алдағы жоспарларды саралай келе, жаңа сайланған Бақытнұр Бақытұлына бірқатар міндет тапсырды. Сондай-ақ, спорттың бұл түрін облыс бойынша дамытуды, алдағы уақытта аудандарда бөлімшелерін ашуды жүктеді. Өз тарапынан сөз алған Бақытнұр Бақытұлы сенім артқандарына алғысын білдіріп, облыста киокушинкай-кан каратэ түрін дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Әмір САНА

Жетісу облысы