БАСКЕТБОЛДАН ЖЕТІСУ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Уақыты: 09.01.2023
Оқылды: 1276

Баскетболдан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық чемпионат өз мәресіне жетті. Аталмыш бәсекеге  12 команда қатысып, чемпиондықты анықтады. 
Екі күн бойы жан алып, жан беріскен ойында чемпиондыққа үміткер командалар көп болды. Әр өңірден іріктеліп келген баскетболшылардың ішінде ақсулықтардың қарқынына ешкім қарсы тұра алмады. Сонымен ұлдар арасында 1-орынды Ақсу ауданының командасы иеленсе, 2-орынды Текелі қаласы місе тұтты. 3-орынға Талдықорған командасы қол жеткізді.
Бұрымдылар арасында алтын тұғырға Текелі қаласының арулары жайғасты. 2-орын ақсулықтарға бұйырса, 3-орынға Талдықорған командасы жайғасты.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Жетісу облысы