"Өздері айтып шықты": Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында Қазақстан әнұраны 4 рет үзілді

Уақыты: 15.05.2023
Оқылды: 1293

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар марапаттау кезінде келеңсіз жағдайға тап болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігі дерегіне сүйеніп.

Әнұранға байланысты келеңсіз жағдай әуелі 19 жастағы Санжар Тәшкенбайды марапаттау кезінде байқалған. Отандасымыздың құрметіне қосылған ел әнұраны кенеттен үзіліп, соңына дейін шырқалмай қалған. Алайда "Хумо" аренасында болған жанкүйерлер әнұранды өздері айтып шықты. 

Бұдан бөлек әлем чемпионы атанған өзге үш боксшыны марапаттау кезінде де қазақстандық жанкүйерлер әнұранның тоқтап қалғанына қарамастан, соңына дейін шырқады. 

Еске салайық, бокстан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов (67 келі) екінші орын алды. 

Фото: Instagram/boxingkazakhstan