Талдықорғанда бокстан республикалық турнир өтті

Уақыты: 19.05.2023
Оқылды: 1072

Талдықорғанда бокстан 2007-2008 жылы дүниеге келген жасөспірім қыздар арасында КСРО спорт шебері Дәукен Сұмағұловты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Еліміздің әр өңірінен 93 спортшы қатысты. Өз кезегінде жетісулықтар 5 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль алды. Бұл жас қыздардың жеңіске деген бастау бұлағы іспеттес.

Жастарына қарамастан қыздар жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ Мадира Жұмахан (44 келі), Сыйла Биболсынқызы (48 келі), Айжан Сыдық (54 келі), Мария Сидоренко (75 келі), Аружан Зейноллаева (80 келі) жарыстың жеңімпазы болса, Жансая Кенжеғалиқызы (46 келі), Айару Серікбай (60 келі), Нұрая Мырзабек (75 келі), Құралай Егінбайқызы (+81 келі) күміс медал алды.

Үздік үштікті түйіндеп тұғырдың кіші сатысына жайғасқандар – Айпер Тоқыш (44 келі), Аяла Жұмахан (46 келі), Жамила Болатбекқызы (52 келі), Ақмейір Дарынбек (63 келі), Марал Баймұратова (70 келі). Жарысты ұйымдастырушылар боксты таңдаған жас қыздарымыздың жеңіске деген бастауы болсын, шаршы алаңға алғышарт жасасын деген тілекпен турнирді дәстүрге айналдырмақ.   

Серік Қантай
Суретті түсірген Руслан Қадіров