"Сен оны жеңесің деп үміттенемін": Әлімханұлы тағы бір нокаутшыға үн қатты

Уақыты: 06.06.2023
Оқылды: 921

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда бос қалған IBF белебуі үшін айқасатын бразилиялық Эскива Фалькаоға үн қатты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды.  

Бұл титул бұған дейін Головкинде еді. Фалькао германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу 1 шілде Вупперталь (Германия) қаласындағы бокс кешінде өтеді.

"Сен оны жеңесің деп үміттенемін, сол кезде титулдарды біріктіре аламыз", - деп жазыпты Жәнібек Фалькаоға твиттер желісінде. 

Фото: ашық дереккөзден алынды