«А» тобындағы ойындар толық аяқталды. Топтан келесі кезеңге өткендермен, турнирден тыс қалғандар белгілі.
● Германия Швейцариямен топтағы соңғы ойында тең ойнап (1:1 – Фюллькруг 90+2 – Ндойе 28) жалпы кестеде бірінші орынмен (7 ұпай – 2 жеңіс, 1 тең) шықты. Екінші орын алған (5 ұпай – 1 жеңіс, 2 тең ойын) Швейцария үшінші рет қатарынан плей-оффқа қатысатын болды (2016, 2020). Ал 3 ұпайы бар (1 жеңіс, 2 жеңіліс) Венгрия үшінші орынмен келесі кезеңге өтуге ниетті (топтық кезеңнің ойындары толық аяқталғанда белгілі болады).
● Биылғы чемпионатта ойын ортасында алаңға ауысып кіріп, екі ойында гол салған алғашқы джокер – Никлас Фюллькруг (Шотландиямен ойында 63 минутта Хаверцті ауыстырып, 68 минутта гол салды; Швейцариямен ойында Жамал Мусиаланы 76 минутта алмастырып, 90+2 минутта гол салды). Фюллькург Еурода бар болғаны 76 минут ойнады (Шотландиямен 28 минут, Венгриямен 33 минут және Швейцариямен 15 минут). Ал ең жылдам гол салған джокер – Франсишку Консейсау (Португалиялық чехтармен ойында 90 минутта Витиньяны алмастырып, 90+2 минутта гол салды).
■ Дәл қазіргі сәтте Германия, Испания, Португалия (топтан бірінші орынмен) және Швейцария келесі кезеңге өтті, ал Польша мен Шотландия турнирді аяқтады.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"