Еуро-2024 турнирінің плей-офф кезеңінде қарсы ойнайтын командалар анықталды

Уақыты: 25.06.2024
Оқылды: 270

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп анықталды. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Италия құрамасы Швейцариямен ойнайды. Матч 29 маусым, сенбіде Берлиндегі "Олимпияштадион" алаңында өтеді. 

Еуроның үшінші тур ойынында Италия Хорватиямен тең түсіп (1:1), В тобында екінші орынмен плей-офф кезеңге жолдама алған болатын. Швейцария да А квартетінде екінші болған. 

Еске салайық, Италия құрамасы қазіргі Еуропа чемпионы. 

Фото: Reuters