Өзбекстан да IBA-дан шыға ма? Спорт министрі World Boxing басшысымен кездесті

Уақыты: 10.10.2024
Оқылды: 463

World Boxing президенті Борис ван дер Ворст Өзбекстанның олимпиадалық комитетінде болып, елдің спорт министрі Адхам Икрамовпен кездесті. Кездесу кезінде тараптар бокстың 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламыснда сақтау мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Kun.uz.

"Өзбекстан тарапынан - бокс әлемінің сөзсіз тірегі болып келетін ұлттан World Boxing мықты қолдау тапқанына қуаныштымын", - деп жазыпты ван дер Ворст Instagram желісінде. 

Өз кезегінде өзбекстандық спорт өкілдері бокстың Олимпиада бағдарламасында сақталуын қолдайтынын айтыпты. 

Фото: IBA