Ольганың олжасы

Уақыты: 16.08.2016
Оқылды: 1258

 

Риоға аттанған жүлдеден үмітті деген спортшылардың арасында Ольга Рыпакова да бар еді. Өткен Олимпиадада ол Қазақ елін алтынмен сүйіншілеген болатын. Енді, міне, араға төрт жыл салып, тағы да Алаш жұртын қуантып отыр. Талай мықтының алдын ораған отандасымыз бұл жолы қолаға қол созды. Екінші Олимпиадасында алтын ала алмағанымен қоржыны бос қайтпады. Ел үмітін арқалап, сенім үдесінен шыққан Ольгаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Сонымен әйелдер арасында үш қарғып секіруден ақтық сында өнер көрсеткен қазақстандық Ольга Рыпакова XXXI жазғы ойындардың қола жүлдегері атанды. Оның көрсеткіші – 14,74 метр.

Алғашқы мүмкіндігінде 14,73 метрге қарғыған отандасымыз бірден көш бастады. Алайда, екінші мүмкіндікте колумбиялық Катерина Ибаргуен 15,03 метрге қарғып алға шықса, артынша 14,87 метр көрсеткішімен венесуэлалық Юлимар Рохас жерлесімізді үшінші орынға ысырды.

Өз кезегінде 15,17 метрге қарғыған колумбиялық спортшы Катерина Ибаргуен Рио Олимпиадасының чемпионы атанса, венесуэлалық Юлимар Рохас күміс медальді еншіледі (14,98).

ӘМІР САНА.