ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Уақыты: 31.10.2024
Оқылды: 549

“25 қазан Республика күніне орай” Талдықорған қаласының  бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында  волейболдан облыстық ашық турнир өтті.


Аталмыш шараға Жетісу облысының 7 аудан 2 қаласынан 9 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс кезінде ұлағатты ұстаздардың волейбол спортына деген қызығушылығын байқатып, өз шеберліктерін жеткілікті деңгейде көрсете білді. 
Ұлағатты ұстаздар арасында өткен тартысты жарыс қортындысы мынадай:
I - орын Ақсу агротехникалық колледжі 
ІІ - орын Көксу ауылшаруашылық колледжі 
ІІІ - орын Талдықорған жоғары политехникалық колледжі