ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ. ҚАЗАҚСТАН БЕЛЬГИЯМЕН ОЙНАЙДЫ

Уақыты: 13.12.2024
Оқылды: 509

Футболдан 2026 жылы өтетін әлем кубогының жеребесі тартылды. Қазақстан іріктеуде Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония, Лихтенштейнмен бір топта ойнайды. Топтың жеңімпазы әлем кубогына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған ел плей-офф кезеңі арқылы лицензияға таласады.
 
Іріктеу 2025 жылдың наурызында басталып, қарашада аяқталады.