Универсиада-2025: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

Уақыты: 16.01.2025
Оқылды: 348

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 32-қысқы Универсиада ойындарында Анастасия Городко фристайл–могулдан жұптық сайыста жеңімпаз атанып Қазақстан құрамасына екінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осылайша Анастасия Городко Универсиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Дәл осы сайыстан ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Финалдық сайыста Анастасиядан жеңілген Аяулым Әмренова күміс жүлдені еншіледі.

Ал ерлер арасындағы фристайл-могулдан жұптық сайыста Антон Бондарев күміс медаль иеленді. Ол финалда Жапония спортшысы Шиме Кавокеден айласын асыра алмады.

Фристайл-могул спортшылары қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына төрт жүлде алып келді. 

Фото: instagram.com/nastya_freestasya