Әр іс-әрекетімізді халыққа жеткізген басылымдардың бірі – «Jetisy» газеті

Уақыты: 17.02.2025
Оқылды: 554

Олимпиадаға дейін де, кейін де жанымыздан табылып, әр іс-әрекетімізді халыққа жеткізген басылымдардың бірі – «Jetisy» газеті.

Өңірдің ғана тыныс-тіршілігін қамтымай, әлемдік, жаһандық мәселелерді де қозғап, оқырмандар алдында өз міндетін абыроймен орындап келеді. Спортшыларымыздың жетістікке жету жолын саралап, одан кейінгі өмірін де оқырман назарынан тыс қалдырған емес.

Алғашқы жарыстарым жөнінде, Атланта Олимпиадасының алдында сенім білдіріп, үміт артқан жалынды материалдар әлі де көз алдымда. Жеңсек сүйіншілей жазып, жеңіліп қалсақ «есесі кетті, келесіде қарымтасын қайтарар» деп қайрап, спортшылардың нағыз жанашырына айналған ата басылым. 
«Jetisy» газетінің ұжымына осы орайда қажымас күш-қуат, толайым табыс тілеймін! Оқырмандар қатары көбейіп, басылым жасай берсін.

Мәулен МАМЫРОВ
Атланта Олимпиадасының жүлдегері