ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

Уақыты: 09.11.2018
Оқылды: 1762

№15 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында «Тәні саудың – жаны сау» атты спорттық іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау, балалардың денесін шыңдап, күш-қуатын нығайту, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын дамыту. Жарыс «Сәлемдесу», «Кім бірінші?», «Кім жылдам?», «Кім епті?» деген төрт кезең бойынша өрбіді. Алғашқы кезеңде бүлдіршіндер өз топтарын таныстырса, «Кім бірінші?» сайысында  қолындағы жалаушаларын алып, межені айналып жүгірді. Үшінші кезеңде кедергілердің арасымен өтті. Төртінші кезеңде кедергілер арасымен ирелеңдеп өтіп, пирамида құрастырды. Шараға жиналған бүлдіршіндер қызықты жарыста барын салып ойнап, жарыстан ерекше әсер алды. 
 Жиынға келген ата-аналар да балдай тәтті сәбилердің дүниетанымын қалыптастыратын балабақшада осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек білдірді. Жарыс қорытындысы бойынша «Алау» тобы жеңіс тұғырынан көрінді. 

Маржан БҮЙРЕКБАЕВА, 
«Айгөлек» балабақшасының
дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы
Талдықорған қаласы