ЕЛІ ЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

Уақыты: 09.11.2018
Оқылды: 1116

Талдықорғандағы № 21751 әскери бөлімінде шағын футболдан майор Ю. Щегольский, подполковник Е. Науанов және Д. Горбуновты еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа әскери бөлімдер мен банк қызметкерлерінен құралған 19 команда қатысты.

Жиында  ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы біріккен штаб бастығының орынбасары, авиация генерал-лейтенанты Н. Орманбетов сөз алып, жарысқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшу қауіпсіздігін қадағалау басқармасының бастығы, полковник Қ. Баймаханов, қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полковник Е. Сансызбаев жауынгерлер жайлы жылы естеліктер айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында майор Ю. Щегольский, подполковник Е. Науанов және подполковник Д. Горбуновтың туыстарына сый-сияпат табысталды.  
Осыдан кейін жарыс басталып кетті. Тартысты өткен додада  бас жүлдені № 21751 әскери бөлімінің ұшқыштар командасы жеңіп алса, «Халық Банк» командасы тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Ал қола жүлде №18404 әскери бөліміне бұйырды. Сайыстың өтуіне демеушілік көрсеткен  «Халық Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Ресей Сбербанк» ЕБ АҚ қызметкерлері жүлделі орын алған командаларға сыйлықтарын табыстады. Алдағы уақытта жауынгер достарға арналған кубок әскери әуе күштері арасында өткізілу жоспарланып отыр.

Қ. АЛДИЯРОВ,
№ 21751 әскери бөлімінің идеологиялық жұмыстар
және арнайы насихат жөніндегі аға офицері, майор