ҚАЗАҚТАН ТАҒЫ БІР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҚТЫ (видео)

Уақыты: 27.01.2019
Оқылды: 1746

Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық орталығында бокс кеші өтті. Аталған кеште қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов шаршы алаңға шықты, деп хабарлады Sports.kz.

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Абрахам Хуарес болды. Бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланды. Жеңіске жеткен адам WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы "жастар" әлем чемпионы белбеуін иеленетін-ді.

Садриддин кәсіпқой бокстағы алғашқы титулдық жекпе-жегінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, төртінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Төрешіге кездесуді тоқтатуға тура келді. Ол осы уақытқа дейін жеті жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтады.