Чемпионмен кездесу

Уақыты: 02.06.2016
Оқылды: 1869

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына байла­нысты Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылында  Кеңес Одағының Батыры  Ж. Қайыпов атындағы орта мектеп директоры ұ. Тасированың ұйытқы  болуымен Алаштың ардақтысы, бар қазақтың мақтанышына айналған тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық үшкем­піров­пен  кездесу өтті. Тәрбиелік маңызы зор шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынба­сары Ерлан Ортықов пен Тәліпжан Естеме­сов басшылық жасады. Мектебіміздің құрметті қонағы Жақсылық үшкемпіровпен бірге Қазақстан ауылдық округінің әкімі Марат Сүгірбеков, аудандық мәслихаттың депутаты Еркін Жақыпбаев, Есік қаласындағы спорт мектебі дирек­торының орынбасары  Мұрат Абдраманов шақырылды.

Кездесу жиынды жүргізіп отырған тәлімгер ұстаз Азат Бақасов келген қонақтарды таныстырып, мектеп директоры ұлбосын Тасироваға сөз берді. Ол өзі басқаратын мектеп ұжымы мен оқушылардың жеткен жетістігі туралы тоқталды. Мектеп әкімшілігінің ұйымдас­ты­руымен үлгі-өнеге болатын іс-шаралар жиі өткізілетінін айта келіп, өткен жылы да ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Ж. Қайыповтың қызы Лиза Жүнісбайқызының ұрпақтарымен де кездесу өткенін айтып өтті. ұлы Жеңіске 71 жыл, Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығы мерекесі қарсаңында арнайы шақырумен келген қазақтың талантты ұлы Жақсылық үшкемпіров ағамыз  Жетісу жерінің ғана мақтанышы емес, күллі қазақ жұртының құрметтісі, тұңғыш қазақтан шыққан даңқты Олимпиада чемпионы, елдің абыройын әлем алдында биіктеткен және бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің жемісті жеңістеріне жол бастап берген ардагер спортшы. Елбасының саясатын қолдап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген азаматтың мектеп оқушыларымен жүздескені үлкен абырой және жас чемпион­дардың шыңдалып шығуына септігін тигізеді, – деп сөзін аяқтады. Мұнан кейін сөз кезегі құрметті қонағымызға берілді. Чемпион өзінің басынан кешкендері айта келіп, жас жеткін­шектерді спортпен айналысуға шақырды. өзінің Семей қаласындағы зоотехникалық-малдә­рі­гер­лік институтының студенті бола жүріп, спортпен айналысқанын, 48–51 кг. салмақта талай тер төгіп, жеткен жетістігі туралы ағынан жарылды. Қазір спортпен айналысамын дейтін жастарға бар­лық жағдай жасалғанын айтып, соны қадірлей біліңдер деп жастарға ақ батасын берді.

Сөз соңында мектеп ұжымы Жақсылық үшкемпіров ағаға қазақтың киелі шекпенін жауып, кездесуге уақытын бөліп келгеніне рақметін айтты. Мұнан кейін 18 команда қатысқан еркін күрестің ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйлеп, төрешілер мен спортшы­ларға жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, өз қолымен бағалы сыйлықтарын, дипломдарын табыс етті.

Әсет Алжанбай,

 ардагер ұстаз.