КІШІ ФУТБОЛДЫҢ КІЛ МЫҚТЫЛАРЫ КЕЛДІ

Уақыты: 06.02.2019
Оқылды: 1091

Талдықорған политехникалық колледжінде мектеп оқушылары және колледж суденттері арасында футзалдан облыстық жарыс басталды. Додаға әр өңірден іріктеліп келген 10 команда қатысуда.

Шарада облыстық білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Дөсет Байдильдин:

– Бүгін чемпион атанған команда Щучинск қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алады. Сондықтан, сайысқа кіші футболдың кіл мықтылары келді, – дей келе, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сайыс колледжаралық, аудандық, облыстық, республикалық болып төрт кезең бойынша өрбиді. Үш кезеңнен сүрінбей өткен аяқдопшылар республикалық додаға жолдама үшін бақ таластырады. Жеңіске жету үшін оқушылар барын салып ойнауда. Жарыс жеңімпазы төрт күннен кейін анықталады.

Айдар ҚАЛИЕВ,

"Жетісу"