АЛТЫ ЖЫЛ КҮТКЕН АЛТЫН

Уақыты: 09.02.2019
Оқылды: 987

АҚШ-тың Парк-Сити қаласында фристайл және сноубордтан өтіп жатқан әлем чемпионатында Юлия Галышева могул түрі бойынша алтын медаль алды. 

 

Финалда Галышева 79,14 ұпай жинады. Күмісті аустралиялық Энтони Жакара, (78,99 ұпай), қоланы 2018 жылғы олимпиада чемпионы франциялық Лаффон Перрин (78,70) иеленді.  

Юлия Галышева осыған дейін 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесін, 2011 және 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы болды. 

Қазақстан соңғы рет қысқы спорт түрлері бойынша  2013 жылы Сочиде өткен әлем чемпионатында алтын алды. Сол кезде конькимен 1000 метр жүгіру бойынша Денис Кузин бірінші келді. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ".