Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: АЛАҚАЙ, ЕКІ ЖОЛДАМА ЕНШІМІЗГЕ ТИДІ

Уақыты: 16.09.2019
Оқылды: 288
Бөлім: АЛАМАН

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан əлем чемпионатында Қазақстанның қос балуаны барша жанкүйерді қуантып, екі-екіден жолдаманы қанжығаға байлады.

60 келіде сынға түскен Мейрамбек Айнағұлов хорватиялық қарсыласын ұтып, жартылай финалға шықты. Сонымен қоса, Токио Олимпиадасының жолдамасын да қоржынға тоғытты. Ол жартылай финалда ресейлік С.Емелинмен белдеседі. Жетісулық жерлесіміз Асхат Ділмұханбетов те жарыста оза шауып, Олимпиада жолдамасымен сүйіншіленді.

Ал 77 келідегі жетісулық Асхат Ділмұханбетов екі дүркін Олимпиада жеңімпазы, ресейлік атақты балуан Роман Власовты ұтып, ширек финалға шықты. Қос балуанымызға жанкүйер болайық!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Нұр-Сұлтан қаласы