Төрт алтын қоржында

Уақыты: 30.12.2016
Оқылды: 1308

Ресей астанасы Мәскеуде армрестлингтен өткен ірі халықаралық турнирге қатысқан аталмыш клубтың мүшелері тағы да жоғары жетістіктерге жетті. 
XVIII рет кілең күштілердің басын қосып отырған «Алтын қоян» халықаралық турниріне қатысқан 100-ден астам білекті де жүректі атлеттердің  арасында Алматы облысының тірек-қимыл қозғалыс аппараттары зақымдалған мүгедек-спортшылары шыңдалған шеберліктерімен ерекше көзге түсіп, төрт алтын медальды жеңіп алды.  Атап айтқанда, біздің қайсар қызымыз Айгерім Малғаждар оң қолымен де, сол қолымен де қарсыластарының  бәрін қоғадай жапырып, екі алтын медальды қоржынға салса, оның командалас әріптестері Тохтар Қожабеков пен Дмитрий Солянин де өз салмақ дәрежелері бойынша жеңіс тұғырының ең жоғары сатысынан орын алды. Жерлестеріміз бұл жеңістерін Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыр­лық торқалы тойына тарту ететінін де бірауыздан білдірді.


Шора БАТЫРБАЕВ.