Оқи отырыңыз
Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында ІІІ халықаралық турнир аяқталды.
Турнирде "Жетісу" командасы бірінші орын алып, үздіктердің қатарынан көрінді. Ал Тыва Республикасы екінші (Ресей Федерациясы), Орынбор қаласының командасы (Ресей Федерациясы) үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары да марапатталды.
Жеңімпаз "Жетісуға" бір миллион теңгеге қол жеткізді. Екінші орынға 700 000 теңгенің сертификаты табысталды. Қола тұғырға орналасқан команда 500 мың теңгені місе тұтты. Мұнымен қоса, арнайы медальдар, естелік сыйлықтар берілді.
Жарыстың жабылу салтанатында облыс əкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, келген командаларға жəне спорт басқармасы мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.
Ришад ТҰРҒАНБАЕВ
Алматы облысы