Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛДЫҚОРҒАНДА БОКСТАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 16.01.2020
Оқылды: 437
Бөлім: АЛАМАН

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының біріншілігі басталды. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеліп келген 200-ден астам спортшы қатысуда.

Додаға облыс әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев және елімізге танымал боксшылар келіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген былғары қолғап шеберлері алғашқы раундтан-ақ қарша боратқан соққыларымен танылып, жиналған жұрттың делебесін қоздырды. Бұл  шаршы алаңда бір-біріне дес бермеген жасөспірімдердің, жеңіске деген мұқалмас жігерінің арқасы. Соққылары жойқын, техникалары жетік боксшылардың әрқайсысы да чемпион болуға лайық.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы