Қанат Ислам WBO белбеуі үшін айқаса ма?

Уақыты: 01.03.2017
Оқылды: 1323

Бұған дейін бірінші орта салмақтағы WBO титулының иегері мексикалық Сауль Альварес отандасы кіші Чавеспен айқасынан кейін салмағын ауыстырып, белбеуін қалдыратынын мәлімдеген.

«Қанат Исламның осы атақ үшін айқасатындығы оның командасына байланысты болмақ. Белбеу бос тұрғанда сынға түскісі келетіндердің қатары артатыны анық. Қанаттың деңгейін мықтылармен айқасқан кезде ғана білеміз», – деді Григорий Стангрит.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бірер апта бұрын бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ сұлатып түсіргенінен кейін Сауль Альваресті, Мигель Коттоны жекпе-жекке шақырған. Ал Ресейдің «Матч ТВ» телеарнасының журналистері Қанаттың үздіктермен айқасатын кезі келгенін айтқан болатын.

https://www.egemen.kz/2017/03/01/105809