ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВТІ ЖЕРЛЕУ РӘСІМІНЕ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ҚАТЫСАДЫ

Уақыты: 03.08.2020
Оқылды: 1022

Пандемияға байланысты және адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне тек отбасы мүшелері ғана қатысады. Бұл туралы сайттарда арнайы хабарлама таратылды.

Жақсылық Үшкемпіровтің туыстары көңіл айтып, қолдау қөрсеткен барша қазақстандықтарға, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

- Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен ғана өтеді. Ал оны еске алуға арналған іс-шаралар бір жылдан кейін ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, тамыздың 2-сі күні 70 жасқа қараған шағында грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпiров өмірден озды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"