МЕРЕЙ СҮЙІНОВ БОЛГАРИЯДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Уақыты: 22.08.2020
Оқылды: 1402

Мерей Сүйінов Болгария мемлекетінің Камчия қаласында "SENSHI CHAMPION" тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу жекпе-жегінде 85 келіде сынға түсіп, жеңіске жетті.

Жарысқа сегіз елден 20 спортшы қатысты. Жерлесіміздің қарсыласы француздық Жан-Поль Жако болды. Ол да оңай спортшы емес, каратэден Еуропаның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Қарсыласына дем бермеген Мерей сайыс соңында жеңіс туын желбіретті. Мерейдің бұған дейін киокушинкан каратэден әлемнің және Азияның чемпионы деген атақтары бар. Бірнеше мәрте ірі халықаралық жарыстардың да жеңімпазы.

Жеңіске жеткен Мерей Сүйінов пен жаттықтырушысы Зайна Бетированы құттықтаймыз!

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ