КӨКСУ АУДАНЫНДА ТҮНДЕ ДЕ ЖАП-ЖАРЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Уақыты: 06.11.2020
Оқылды: 1790

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Мұқаншы округінде спорт алаңы салынып, халық игілігіне берілді. Бұл туралы Көксу ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба құны - 38 млн.теңге. Алаңының жалпы ауданы - 1362 шаршы метр, ұзындығы - 196 метр, қоршау биіктігі - 4 метр. Мұнда шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңы, воркаут және балалар ойын алаңы орналасқан. Алаң кешкі және түнгі уақытта да жарықпен қамтамасыз етілген. Шараның ашылуына Көксу ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Бұдан бөлек, округте 11 көшеге жөндеу жасалып, су жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта ауылдың тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонына қоршау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл әкімінің айтуынша, келер жылы тағы 7 көшенің жарық жүйелерін, Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы тоғандарды жөндеуден өткізу жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"